
ШҚО әкімі аппараты және ШҚО әділет департаментімен бірлесе 2023 жылдың 16 тамызында Шығыс Қазақстан облыс әкімдігінің мәжіліс залы және «ZOOM» платформасы арқылы Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқару органдарына «2023 жылдың 1 жартыжылдығында өңірлік нормашығармашылық саласындағы жұмыс нәтижелері бойынша» семинар өткізді. Семинардың мақсаты: жергілікті атқару органдардың нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу кезінде тиісті жұмыс жүргізу. Шарада нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу саласындағы Заңнамаға енгізілген өзгерістер және әзірлеу, қабылдау сапасын арттыру, заң бұзушылықтардың алдын алу мен жою туралы баяндама жасалды. Сонымен қатар, нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкіне енгізу тәртібі мен жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу және келісу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.