Ұлан ауданына жасаған жұмыс сапары барысында жергілікті тұрғындар бірқатар маңызды мәселелерді көтерді. Ең алдымен ол - ауыз судың сапасы. Жақын арада Қасым Қайсенов кенті Меновное ауылындағы жаңа су қабылдағышына қосылады, осылайша аталмыш мәселе шешілетін болады. Тағы бір мәселе - ауыл халқы көптен күткен емхана құрылысы. Емхана салу үшін қаражат бөлініп, жер учаскесі анықталды. Сондай-ақ, мен аудан әкіміне мемлекеттік-жеке меншік кәсіпкерлік аясында тағы бір балабақша салу мәселесін пысықтауды тапсырдым. Өйткені ауыл өсіп келеді, жас отбасылар саны да артуда. Балабақшаға кезекте 350 бала тұр. Тағы бір мектепке дейінгі мекеме де өте қажет. Сондай-ақ, жақын арада ерекше қажеттіліктері бар адамдар мен балалар үшін Ұлан ауданына арнайы инватакси тасымалы бөлінеді. Айыртау ауылында «Өскемен құс фабрикасы» АҚ жаңа құс үйлерін іске қосудың арқасында қосымша жұмыс орындары құрылып, өндіріс кеңейтілді. Ново-Канайка ауылында «ШҚО психикалық денсаулық орталығы» жаңа корпусы салынады. Украинка ауылында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында» Шығыс-Сүт» кәсіпорны медициналық пункт пен жаңа заманауи клуб салды. Мен мәдениет басқармасына жұмыс үшін шығармашылық қызметкерлерді таңдауды тапсырдым. Клуб алдындағы алаңда Ұлы Отан соғысының жауынгерлеріне арналған ескерткіштің құрылысы аяқталып, 2 қыркүйекте мен міндетті түрде мемориалдың ашылу салтанатына қатысамын