Құрметті шығысқазақстандықтар!

Құрметті шығысқазақстандықтар!

Сіздерді шын жүректен Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!
Елімізде тұрып жатқан түрлі этнос өкілдерінің өзара түсіністігі мен бірлігі бүгінде қазақстандық феномен деген атауға ие бірегей модельге айналды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Аcсамблеясына биыл 25 жыл толады. Елімізде алғаш рет енгізілген төтенше жағдай кезеңінде Достық үйлері жанынан құрылған еріктілер мен белсенділер дер кезінде көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созды.
Береке-бірлік – Қазақстан халқының баға жетпес байлығы. Осынау асыл құндылығымызды сақтау – әрбір азамат пен патриот жандардың басты борышы.
Сіздерге зор денсаулық, мол табыс және амандық тілеймін. Біз бәріміз бірге кез келген қиындықтарды еңсереміз. Мереке құтты болсын!