
Өскемен қ. № 1/228 2020 жылғы 29 сәуір
Төтенше жағдайға жедел ден қою штабы отырысының қорытындысы бойынша
«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды ұзарту туралы», Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 310 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 16 отырысының хаттамасына, Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттері арқылы Шығыс Қазақстан облысының аумағына келетін адамдарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 4 қаулысына, «Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік шараларды өзгерту туралы» 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 5 төтенше жағдайға жедел ден қою штабымен мынадай шешімдер қабылданды:
2020 жылдың 4 мамыры жеңілдетілген іс-шаралардың басталу күні болып белгіленсін. Кәсіпкерлік объектілерінің қызметін жаңартудың келесі кезеңдерін енгізу мерзімдері Шығыс Қазақстан облысының аумағында коронавирус инфекциясының таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты белгіленеді.
2.1. 04.05.2020 жылдан бастап жұмыс режимін сағат 17.00-ге дейін шектей отырып, ауданы 500 м2 аспайтын (сауда залының ауданы 250 м2 артық емес) азық-түлік емес тауарлармен көтерме, көтерме-бөлшек және бөлшек сауда объектілерінің жұмыс режиміне көшудің 1 кезеңін ұйымдастыруға шаралар қабылдау; бір клиентке қызмет көрсетумен алдын ала жазылу бойынша шаштараз, сондай-ақ гүл өнімдерін сату бойынша сауда нүктелерін ұйымдастырсын.
2.2. Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен және олардың аумақтық органдарымен, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқарма-ларымен және ішкі саясат басқармаларымен бірлесіп, ашылатын бизнес объектілері үшін санитарлық талаптарды бекіту, меншік иелерін карантиндік шараларды жеңілдету кезеңіндегі жұмыс жағдайларымен таныстыру, 04.05.2020 жылдан бастап кәсіпкерлік субъектілерінің талаптарын сақтауын бақылауды қамтамасыз етсін;
Сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, талаптарды қайта бұзған кезде объектінің жабылуы туралы бизнес иелерін хабардар ете отырып, әкімшілік ықпал ету шараларын қолдансын.
- алынған талдау нәтижесіне қарамастан барлық адамдар транзиттік жүргізушілер мен жолаушылардан басқа, бастапқы медициналық-санитарлық көмек объектілерінің базасында тұрғылықты жері бойынша ПТР-ға дейін тексеруден өтуге жатады.
- Шығыс Қазақстан облысында тұратын және Ресей Федерациясымен халықаралық автомобильдік жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер бастапқы медициналық-санитарлық көмек объектілерінің базасында тұратын жері бойынша екі аптада бір рет ПТР әдісімен тексеруден өтеді.
Коронавирус инфекциясынға экспресс-тестілеуден оң нәтиже алған жолаушылар ПТР әдісімен тексеруден өту үшін барлық санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, карантиндік стационарға жіберіледі. Бұл адамдар ПТР тестінің нәтижелерін алғанға дейін карантиндік стационарда болады
Облыс әкімі Д. Ахметов