Қазақтың Ұлы ақыны, философ және дана ойшылы Абай Құнанбаевтың туған күні. Абай - ұлттық әдебиет мен бірегейлігіміздің негізін қалаушы, поэзиямыздың данагөйі. Оның шығармашылық ізденістерінің өзегі - адам, өйткені одан қоғам, халық, тіпті мемлекеттің өзі бастау алатыны белгілі. Абай өзінің философиялық сөздерінде қазақ халқының барлық даналығын, өмірлік болмысын сипаттап, әсем тілмен жеткізе білген. Барлық шығысқазақстандықтарды Абай күнімен құттықтаймын! Басты құндылықтарымыз - ауызбіршілік пен достығымызды сақтап, білім өркениетіне ұмтылысымыз арта берсін!