ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!!!

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!!!

Бүгін облыстық ардагерлер кеңесінің өкілдерімен кездестім. Кездесу барысында маңызды мәселелер талқыланып, түйткілді ойлар ортаға салынды. Жалпы, тұрғындарды жылыту маусымына дайындық барысы толғандыратыны айтылды. Сонымен қатар ардагерлер Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір салуға және Риддер ЖЭО-ны қайта жаңартуға қызығушылық танытты. Әкімдіктің 2024 жылды ШҚО - дағы жол жылы деп жариялау бастамасын қолдайтындарын да жеткізд. Біз, әрине, бейінді министрліктермен жол-құрылыс жұмыстары бойынша барлық мәселелерді шешуге тырысамыз. Маңызды мәселе - облыс орталығында ардагерлер үйінің болмауы. Бүгінде Өскеменде ғана ардагерлер ұйымы 64 мың адамды құрайды. Мен бұл мәселені пысықтауды тапсырдым, аға буын тәлімгерлеріне арналған мұндай мекеменің болуы қажет. Сонымен қатар, денсаулық сақтау басқармасына ардагерлерге уақытылы медициналық көмек көрсететін мамандандырылған бөлім ашуды тапсырдым.Алдағы уақытта аға буын өкілдерімен үнемі кездесу өткізуді жоспарға қойдым. Олардың тәжірибесі мен даналықтары біз үшін әрдайым маңызды болмақ.