ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері Ұлан ауданы Смолянка ауылының маңындағы өртті кезекті рет сәтті жеңе білді. Бұл 23-ші ұқсас жағдай, көп жағдайда өрт сөндіру аймақтың күрделі таулы бөктерімен қиындай түсетіні белгілі. Сондықтан барлық қол жетімді күштер мен құралдарды жұмылдыру қажет. Бүгін өрт сөндірушілерді оқиға орнына "Қазавиаорманқорғау" бөлімшесінің МИ-2 тікұшағы жеткізіп, құтқарушыларға көмекке "ҚТЖ ҰК" АҚ Өрт сөндіру пойызы келді. Құтқарушыларға орманшылықтар мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері де жәрдемдесті. Жұмыла көтерген жүк жеңіл деген осы. Биылғы жаз құрғақ әрі шамадан тыс ыстық екені белгілі.
Төтенше жағдайлар департаментіне, орман шаруашылығы қызметкерлеріне алғыс айтамын. Олар қайғылы шығындарға жол бермеді.
Мен Шығыс Қазақстанның барлық тұрғындарына туған өлкенің табиғатына жоғары аяушылықпен қарап, өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау қажеттілігін еске салғым келеді. Облыс аумағында өрт қауіптілігінің жоғары қатері сақталуда. Сондықтан өртті алдын алу-біздің ортақ міндетіміз.