28.04.2020 жылғы сағат 17.40-да Жедел ақпарат

28.04.2020 жылғы сағат 17.40-да Жедел ақпарат

Бүгін Шығыс Қазақстан облысында тағы бір COVID-19 жұқтырған азамат тіркелді. Коронавирус инфекциясы Семей қаласының тұрғыны, 1952 жылғы әйел адамда анықталған.
27 сәуірде, науқас пневмония диагнозымен ауруханаға түскеннен кейін, белгіленген алгоритм аясында бірден КВИ-ға тексеріледі. ПТР әдісімен өткізілген талдаудың 28 сәуірде шыққан нәтижесі оң қорытынды беріп отыр.
Қазіргі уақытта ол инфекциялық стационарға оқшауланған, тиісті ем қабылдап жатыр. Жағдайы орташа дәрежедегі ауырлықта. Сондай-ақ, науқаспен байланыста болған азаматтарды анықтау және оқшаулау бойынша эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде. Эпиданамнез бойынша облыстан тыс жерлерге, басқа елдерге шықпаған.
Жалпы, осы сәтке Шығыс Қазақстанда коронавирустың 17 расталған жағдайы тіркелген.