ШҚО-да бірнеше ауданды газдандыру мүмкіндігі бар

ШҚО-да бірнеше ауданды газдандыру мүмкіндігі бар



Бұл туралы Тарбағатай ауданындағы жұмыс сапары барысында облыс әкімі Ермек Көшербаев айтты. Ол бүгінде мұнай мен газды игерумен және өндірумен айналысатын "Тарбағатай Мұнай" кәсіпорнында болды. Бүгінгі таңда барлық көгілдір отын аймағымыз бен еліміздің қажеттіліктеріне жұмсалып жатқанын атап өту маңызды. Газ шетелге экспортталмайды.

Өңір басшысы атап өткендей, жақын арада ол осы компанияның инвесторымен кездесу өткізеді. Кездесу барысында Шығыс Қазақстан аудандарын одан әрі газдандырудың мерзімдері мен перспективалары талқыланады. Бұл үшін барлық мүмкіндіктер бар. Оның үстіне компания өндіру кезеңіне көшуге дайындалып жатқандықтан, оған Сарыбұлақ мұнай кен орнын игеру жобасын әзірлеу, келісу және бекіту қажет.