Конкурсқа қатысу үшін өтінішті ағымдағы жылдың 5-10 тамызы аралығында ақпараттық жүйе арқылы беруге болады https://vko-abiturient.kz/.
Грантқа үміткер болу үшін ҰБТ тапсырып, белгілі бір балл жинау керек – "Педагогикалық ғылымдар" мамандығы бойынша кемінде 75 балл; "Денсаулық сақтау" мамандығы бойынша – кемінде 70 балл; басқа мамандықтар бойынша кемінде 50 балл.
Қажетті құжаттардың тізбесі: өтініш; білімі туралы құжаттың түпнұсқасы (аттестат немесе диплом); тестілеу нәтижелері бар сертификат; өлшемі 3х4 см 4 дана фотосурет; № 075-У нысанындағы медициналық анықтама.
Айта кетейік, биыл "ветеринария"мамандығы бойынша 30 грант бөлінеді.