Қоғамдық қабылдау бөлмесі

Қоғамдық қабылдау бөлмесі

Қоғамдық қабылдау бөлмесі - бұл облыс тұрғындарының әкімшілік органдарға сенім деңгейін арттыруға, өтініш беру процесін жеңілдетуге және жеке қабылдауға жазылуға бағытталған жоба. Қоғамдық қабылдау бөлмесінің фронт-офисі және 109 ақпараттық-анықтамалық қызмет коммуникация арналары болып табылады.
2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің» өзгерістеріне байланысты «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы: сөзден әрекетке және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері мен қолданысына Қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмысының регламентіне өзгерістер енгізілетін болады.
Мәселен, қазіргі уақытта қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмысының негізгі функциялары «E-otinish» платформасы арқылы республиканың мемлекеттік органдарына өтініштерді жолдау бойынша консультациялық-ақпараттық көмек көрсету және «Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы» онлайн сервисі арқылы мемлекеттік органдардың басшыларына жеке қабылдауға жазылу процесін ұйымдастыру болып табылады.
Фронт-офисте қабылдауды күтетін келушілер электронды кезек терминалы арқылы алынған талондар бойынша электрондық кезекке бөлінді. Өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы жұмыс істейді, онда өтініш беруші egov.kz порталынан қолжетімді мемлекеттік қызметтердің барлық түрлерін, оның ішінде электрондық-цифрлық қолтаңбаны ала алады.