Қазақстанда жарияланған төтенше жағдайға қарамастан Абай ауданының тұрғыны ас берген

Қазақстанда жарияланған төтенше жағдайға қарамастан Абай ауданының тұрғыны ас берген

Белгілі болғандай, асқа келген қонақтардың ішінде кейін коронавирус инфекциясы расталған жергілікті тұрғын болған.

Қазіргі сәтте асқа келген 30 тұрғын үй каратинінде отыр. Ауданда эпидемиологияның алдын алу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. КВИ анықталған азаматтың үйі қоршауға алынып, онда дезинфекция жасалды.

Асты ұйымдастырған Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылының 42 жастағы тұрғыны ҚР әкімшілік кодексінің 476 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ол 10 АЕК ккөлемінде айыппұл төлейді.