Құрметті жерлестер!

Құрметті жерлестер!

27 сәуірде Семей әуежайына Атырау қаласынан арнайы рейс келеді деп күтілуде. Бортта "Tengizchevroil" компаниясында жұмыс істейтін Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының тұрғындары. ⠀
Айта кетейін, олардың барлығы коронавирус инфекциясына тестілеу мен тиісті тексерулерден өтті. Жалпы саны 149 адам. ⠀
Сонымен қатар, осы күні өңірге Ресейден арнайы автобус ат басын тірейді. Барнауыл арқылы медициналық тексеруден өткен 108 қазақстандық елге қайтып оралады. ⠀
Біздің тарапымыздан азаматтарды қабылдау кезінде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің барлық шаралары қамтамасыз етілетін болады. Келгендер анықтамалардың болуына қарамастан медициналық тексеруден, ПТР әдісімен COVID-19 тестілеуінен өтеді. ⠀
Барлығын уақытша карантиндік стационарларға орналастырамыз. Ол жерлерде полиция бекеттері орнатылып, тәулік бойы санитарлық-эпидемиологиялық және медицина қызметкерлерінің кезекшілігі қамтамасыз етіледі. ⠀
Талдау нәтижелерін алғаннан кейін және карантин мерзімі аяқталған соң олар тұрғылықты жері бойынша үй карантиніне жіберіледі.