ШҚО-да тағы бір науқас COVID-19-дан емделді

ШҚО-да тағы бір науқас COVID-19-дан емделді

Бұл туралы бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Коронавируспен күресте жеңіп шыққан 1959 жылғы ер адам. Ол ұзақ уақыт Семей қаласының инфекциялық стационарында емделуде болған.
Естеріңізге сала кетейік, ер азамат 21 наурызда өз отбасымен бірге елге Египеттен демалыстан оралған. 28 наурызда ауыр халде екі жақты ошақты пневмониямен ауруханаға жеткізіледі. 8 сәуірге дейін өкпені жасанды желдету аппаратында болды.
Қазіргі уақытта ер адам үйіне оралды, өзін жақсы сезінеді. Толық тексеруден өтті. COVID-19 талдаулары теріс нәтиже көрсетті.
Айта кету керек, 25.04.2020 жылғы ақпаратқа сәйкес, облыста 6 адам коронавирус инфекциясынан сауығып шықты. Тағы тоғыз науқас емделіп жатыр.