
COVID-19-дың тағы бір жағдайы Шығыс Қазақстан облысында тіркелді.
Коронавирус инфекциясы 1965 жылғы ер адамда анықталды. Глубокое ауданының тұрғыны 22 сәуірде Ресей Федерациясынан оралған. Бір күннен кейін аурудың алғашқы белгілері, температура мен әлсіздік пайда болған. Дереу провизорлық стационарға оқшауланып, ПТР әдісімен COVID-19-ға талдау алынды. Нәтижесі - оң..
Қазіргі уақытта науқас инфекциялық боксқа ауыстырылып, тиісті ем қабылдап жатыр. Жағдайы орташа дәрежедегі ауырлықта.
Онымен байланыста болған адамдарды анықтау және оқшаулау бойынша күшейтілген эпидемиологиялық тексеру шаралары жүргізілуде.
Жалпы, осы уақытқа ШҚО бойынша коронавирустың 16 жағдайы тіркелген.