«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ақпарат

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ақпарат

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңға                                     (бұдан әрі – Заң) сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу тараптардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт негізіндегі қатынастары болып табылатыны белгіленген.

Заңның 7-бабына сәйкес құрылыс саласындағы үлестік қатысуды ұйымдастыру мынадай тәсілдермен жүзеге асырылады:

  1. Бірыңғай оператордан кепілдік алу («құрылыс салушы «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ Бірыңғай операторымен кепілдік шартын жасасуға міндетті);
  2. екінші деңгейдегі банктің жобасына қатысу (салушы үлескерлерден қаражат тарту үшін жергілікті атқарушы органнан рұқсат алуы керек);
  3. көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы салынғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту (салушы үлескерлерден қаражат тарту үшін жергілікті атқарушы органнан рұқсат алуы керек).

Үлескерлерден ақша тартуға рұқсат беру мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының шеңберінде жүзеге асырылады.

(Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі №352 бұйрығымен бекітілген).

Мемлекеттік қызметті Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы немесе ХҚО арқылы көрсетеді.

Рұқсат екі жағдайда беріледі:

  1. Екінші деңгейдегі банктің жобасына қатыса отырып:

- мәлімдеме;

- аяқталған құрылыс объектілерінің тәжірибесін растайтын нысанды пайдалануға қабылдау актісі (кемінде үш жыл және кемінде 9000 ш.м.);

- жер учаскесіне акт;

- сараптамасы бар жобалық-сметалық құжаттама.

  1. Көппәтерлі үйдің қаңқасы салынғаннан кейін:

- мәлімдеме;

- аяқталған құрылыс объектілерінің тәжірибесін растайтын объектіні пайдалануға қабылдау актісі (кемінде бес жыл және кемінде 30 000 ш.м.);

- жер учаскесіне акт;

- сараптамасы бар жобалық-сметалық құжаттама;

- көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасының аяқталған құрылысының болуы туралы инжинирингтік компанияның есебі;

- инжинирингтік компаниямен келісім-шарт.

 

Көппәтерлі тұрғын үйлер салу үшін жеке және заңды тұлғалардан Заңда көзделмеген өзге де тәсілдермен ақша тартуға тыйым салынады.

Облыс бойынша бір құрылыс салушы – «Sparkle Diamond»     ЖШС-нің (ATQ Corparate) «EMERALDS» тұрғын-үй кешені бойынша үлескерлерден қаражат тартуға рұқсаты (КЖК кепілдігі) бар.