Табыстар мен мүлік туралы декларацияны eGov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы ұсынуға болады

Табыстар мен мүлік туралы декларацияны eGov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы ұсынуға болады

Енді мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары декларацияны eGov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы ұсына алады.

2021 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациядау кезең-кезеңімен өткізіледі. Осыған байланысты, бірінші болып мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары декларация тапсырды. 2021 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250 нысан) ұсынған жеке тұлғалардың деректерінде 2022 жылдан бастап жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270 нысан) табыс ету міндеттемелері туындайды.

Декларацияда күнтізбелік жыл ішінде алынған кірістер, салық шегерімдері, мүлікті сатып алу немесе иеліктен шығару, Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банк шоттарындағы ақша, сондай-ақ ҚР-нан тыс жерлердегі мүлік туралы ақпарат көрсетілуі қажет.

Екінші кезеңде активтер мен міндеттемелер туралы «кіріс» декларациясын (250 нысан) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және квазимемлекеттік сектор субъектілері мен олардың жұбайлары табыс етеді.

Декларацияны тапсыру мерзімі:

- қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда – декларацияны ұсыну бойынша міндеттеме туындаған жағдайда 15 шілдесінен кешіктірмей, ал электрондық түрде - 15 қыркүйегінен кешіктірмей тапсыру қажет.

Декларацияны «Салық төлеушінің кабинеті» (kgd.gov.kz) арқылы да ұсынуға болады және eSalyq azamat мобильді қосымшасы.

Қызмет ҚР Қаржы министрлігінің, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер Комитетінің және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысының арқасында іске асырылды.

 

 

 

Дереккөз: https://www.nitec.kz/kk/news/tabystar-men-mulik-turaly-deklaraciyany-egovkz-portaly-zhne-egov-mobile-mobildi-kosymshasy?q=/ru/news/deklaraciyu-o-dokhodakh-i-imuschestve-mozhno-podat-cherez-portal-egovkz-i-mobilnoe-prilozhenie