23.04.2020 жылғы сағат 9.50-ге арналған ЖЕДЕЛ АҚПАРАТ

23.04.2020 жылғы сағат 9.50-ге арналған ЖЕДЕЛ АҚПАРАТ

Коронавирус инфекциясы Шығыс Қазақстанның тағы үш тұрғынында тіркелген.
Қауіпті инфекция Семей қаласының екі тұрғынында анықталып отыр. Атап айтқанда, аурухадан тыс жағдайда пневмониямен ауырған 1984 жылғы әйел адамнан скринингтік ПТР тестілеу оң нәтиже көрсеткен. Коронавирустың екінші жағдайы 1972 жылы туған әйел адамда профилактикалық тексеру барысында анықталды.
Өскемен қаласының 1949 жылғы тұрғыны, әйел адам алгоритмге сай, COVID-19-ға 21 сәуірде коронавирус расталған науқаспен байланыста болған тұлға ретінде тексерілді. ПТР талдауы оң нәтиже көрсетті.
Қазіргі уақытта науқастар инфекциялық стационарға оқшауланып, қажетті ем алуда. Қазіргі уақытта олармен байланыста болған азаматтарды анықтау және оқшаулау бойынша эпидемиологиялық тексеру шаралары күшейтіліп, қарқынды түрде жүргізілуде.
Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, үш жаңа жағдай бойынша 6 ошақ анықталған. 33 байланыста болған адам тіркелген. Оның ішінде, жақын байланыстағылар саны - 18, потенциалды - 15.
Жалпы, осы уақытқа облыс бойынша КВИ расталған 15 жағдайы тіркелді.