Құрметті жерлестер!!!

Құрметті жерлестер!!!


Осы уақытқа дейін Северное ауылынан 10 шақырым жерде басталған өрт толығымен оқшауланды. Северное мен Серебрянск елді мекендеріне қауіп төнген жоқ. Өрт сөндіруге 152 адам жұмылдырылды - ШҚО ТЖД қызметкерлері, сондай-ақ мұндай жағдайлар үшін арнайы құрылған табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының авиаотряды. Өрттің ауданы 23 гектарды құрап, құрғақ шөп пен бұта өртенді. Құтқарушылар кезекшілікте қалады, өйткені синоптиктердің болжамы бойынша бүгін секундына 21 метрге дейін екпіні бар қатты жел болуы мүмкін. Қазір онда су төгетін құрылғылары бар екі тікұшақ жұмыс жасап, барлық ықтимал өрт және жану ошақтары төгіліп жатыр. Сөндіруге қатысқандардың барлығы қажетті заттармен қамтамасыз етілген. Күн сайын әуе патрульдері бақылау жүргізуде. Аймақта ыстық, құрғақ ауа райы орнап, өрт қаупінің жоғары 5 класы жарияланды. Барлық жағдай басты назарда.