Шығыс Қазақстан облысында өңірлік «Oskemen IT-hub» ашылды

Шығыс Қазақстан облысында өңірлік «Oskemen IT-hub» ашылды

ШҚО-ға сапар аясында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовпен бірге ведомствоаралық бірыңғай ахуалдық орталыққа барды, оның құрылымына «Сергек» жүйесі, «109 бірыңғай байланыс орталығы» және «112 Бірыңғай кезекші-диспетчер қызметі» және «ШҚО әкімінің Ахуалдық орталығы» ақпараттық жүйе кіреді.

Сондай-ақ, Даниал Ахметов пен Бағдат Мусин ШҚО-да «Astana hub» қолдауымен іске қосылған алғашқы «Oskemen IT-hub» өңірлік хабының ашылуына қатысты. Оның негізгі мақсаты-IT-жобаларды іске асыруда өңір жастарын қолдау. Биылғы жылы «Oskemen IT-hu» 20-30-ға жуық жобаны іске асыру жоспарлануда.

Бұдан әрі облыс әкімдігіне сапар барысында өңір басшысы мен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі                      Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінің Интернет желісіне сапалы кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі Жол картасына қол қойды. Өз кезегінде облыс әкімі Даниал Ахметов өңір тұрғындарының сапалы интернетке қол жеткізуі үшін 1,3 миллиард теңге бөлінгенін атап өтті. Сондай-ақ, ШҚО it-қоғамдастығын дамытудағы өзара ынтымақтастық туралы үшжақты меморандум жасалды.

Министр жұмыс сапарын қорытындылай келе, «ШҚО-да цифрландыру бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Шығыс Қазақстан облысында денсаулық сақтауды цифрландыру бағыты бойынша «PACS жүйесі» жобасы іске асырылуда. Бұл сирек кездесетін онкологиялық ауруларды, туберкулезді, пневмонияны (соның ішінде covid) ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік беретін жасанды интеллект. Сондай-ақ, Өскемен қаласы ел бойынша Smart sity қалаларының рейтингінде 3-ші орында. Бұл үлкен жетістік. Медицина саласында жаңа технологияларды қолдану бойынша ел бөлінісінде сіздің өңіріңіз алдыңғы қатарда», - деді Бағдат Мусин.