ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинмен Жол картасына қол қойдық. Ол ШҚО ауылдық елді мекендерін Интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын қамтиды. Жұмыс сапары барысында министр біздің ХҚКО-да болып, оның жұмыс деңгейін жоғары бағалады. Бағдат Мусин сондай-ақ жақын арада Өскеменде базалық станциялар орнатылатынын, яғни қалада байланыс пен интернет желісі бойынша барлықжерді қамтиды, ауытқулар болмайды.Сонымен қатар, цифрлық даму министрі ахуалдық орталыққа барып, smart city және Oskemen it Hub жобасы бойынша біздің кейстерімізбен танысты. Бұл алаңда жас балаларға бизнес-процестерді, стартаптарды және IT технологиялар бойынша жобаларды құруға көмек көрсетіледі.