
Сіздерді қасиетті Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл ұлы христиан мейрамы сенімді, қуанышты, ізгілік пен әділдікті, сүйіспеншілік пен келісімді бейнелейді. Пасха баршамызды дәстүрлі рухани құндылықтар негізінде біріктіреді, игі істер мен бастамаларды атқаруға, мейірімділік пен қайырымдылыққа үндейді.
Осынау мерекеде барлық шығысқазақстандықтарға денсаулық, өсіп-еркендеу, жан тыныштығын, құт-береке, бүгінгі және ертеңгі күнге деген сенімділік тілеймін.
Қазіргі коронавирус инфекциясының таралуына байланысты төтенше жағдай кезінде, қасиетті мейрам күні сіздерді үйде қалып, жақындар мен туғандардың ортасында болуға, шіркеуге барудан бас тартуға шақырамын, өйткені жақынға деген махаббат, бірінші кезекте, біздің жүрегімізден орын алады. Бұл мәжбүрлі шектеулер сіз бен біздің қаyincіздігіміз, өмір мен денсаулықты сақтау үшін керек.
Тағы бір мәрте сіздерге барша игілік пен жақсылық, әр шаңыраққа татулық пен бақыт тілегім келеді.
Даниал Ахметов,
Шығыс Қазақстан облысының әкімі