ШҚО-да жалған рұқсат қағаздарын қолданған

ШҚО-да жалған рұқсат қағаздарын қолданған

Бұл туралы бүгін әлеуметтік желілердегі аккаунттарында облыс әкімі Даниал Ахметов хабарлады. Ақпаратта
Өскемен және Семейдің бірқатар бизнесмендері мен кей тұрғындары заңсыз жолмен автокөлікке арналған жалған рұқсат қағаздарын алып, пайдаланып жүргендері туралы фактілер анықталғаны айтылған. Ал олардың жалпы саны 11000 данадан асады.
ШҚО полиция департаменті тексеруді бастады. Қазіргі уақытта 867 рұқсаттама алынды.

- Бұл жұмыс, әрине, жалғасатын болады. Сондықтан, құрметті жерлестер, баршамыздың ортақ қауіпсіздігіміз үшін бұл маңызды жұмысқа түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын. Бұдан бөлек, біз белгіленген ережелерге сай ұсынылмаған және тұлға туралы дерек нақтыланған талапқа сай болмаған жағдайда рұқсат қағаздарды жарамсыз деп танимыз - деді аймақ басшысы.
Даниал Ахметов сонымен қатар, қойылған тәртіпті қатаң сақтап жүрген екі қала халқына алғыс айтты. Жүргізген талдау нәтижелеріне сүйенсек, тұрғындардың 92% -дан астамы дүкендерге, дәріханаларға және банктерге өздерінің рұқсаттамаларына сай, тек жұп және тақ күндері қатынап жүр.
- Біз оқшаулану, тәртіпке бағыну арқылы ғана мыңдаған адамның өмірін құтқара аламыз. Сондықтан, өзіңізді және өз болашағыңызды сақтаңыз! - деді сөзін қорытындылаған Даниал Ахметов.