
Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары М. А. Исмаилов, құжаттарды қарап:
Қазақстан Республикасында және Шығыс Қазақстан облысында COVID-19 коронавирустық инфекция бойынша санитариялық-эпидемиологиялық ахуалдың жедел мәліметтерін,
Шығыс Қазақстан облысы халқының арасында CОVІD-19-дан туындаған коронавирустық инфекцияның таралуының ықтимал қаупі туындауын анықтадым:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабы 13-тармағының 4) тармақшасы негізінде ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Облыс әкімдігіне:
1) халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлерін, медициналық көрсетілімдер бойынша шығатын және кіретін адамдарды, сондай-ақ карантин енгізілген кезеңде стационарларда және карантиндік және провизорлық стационарларда бақылауда болған адамдардың шығуын қоспағанда, облыс орталықтарының, қалалардың, аудандардың, ауылдық елді мекендердің аумағынан шығуға және оған кіруге тыйым салуды;
2) авариялық-құтқару, жедел медициналық жәрдем қызметтерінің қолжетімділігін және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді ескере отырып, карантиндік аймаққа кіру/шығу пункттерін айқындауды;
3) төтенше жағдайға жедел әрекет ету штабының шешіміне сәйкес, қала бойынша және аудандар, ауылдық елді мекендер арасында орамдар мен секторларға бөле отырып, блок-бекеттерді орната отырып, карантиндік аймақта жүріп-тұруды шектеуді;
4) әуежайдың, теміржол вокзалының, автовокзалдар мен автостанциялардың қызметін тоқтата тұруды, қалааралық, ауданаралық автобус қатынастарына, сондай-ақ жеке тасымалдауға тыйым салуды;
5) осы қаулының қосымшасына сәйкес, меншік нысанына қарамастан қызмет көрсету саласы объектілерінің қызметін тоқтата тұруды;
6) жәрмеңкелердің, автомобиль, киім-кешек, мал базарлары мен адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің жұмысын тоқтата тұруды;
7) кезең-кезеңімен тасымалдауға көше отырып, қоғамдық көліктің жұмысын шектеуді;
8) ауылдық елді мекендер ішінде тұрғындардың жүріп-тұруына тыйым салуды енгізуді;
9) полиция және әскери күштерді тарта отырып, карантиндік аумақты патрульдеуді;
10) тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін, стратегиялық және төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімімен белгіленген барлық кәсіпорындардың/ұйымдардың қызметін тоқтата тұруды;
Төтенше жағдайға жедел әрекет ету штабының шешімі бойынша екінші деңгейдегі банктер мен ұлттық почта операторының жұмыс режимі мен тәртібін белгілеуді;
Санитариялық және дезинфекциялық режимді күшейте отырып, қонақ үй кешендерінің, қонақ үйлердің, хостелдердің, стоматологиялық кабинеттердің;
ХҚКО үй-жайларында мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсететін ұйымдардың, азаматтардың алдын ала жазылуын қамтамасыз ету шартымен көрсетілген орталықтардың үй-жайларында ғана жүзеге асырылуы мүмкін қызметтерді көрсетуді қоспағанда жұмысын жалғастыруды;
11) Алдын ала жазылу бойынша нотариустардың жұмысына рұқсат беруді;
12) діни мақсаттағы объектілердің жұмысын тоқтата тұруды;
13) облыс орталықтарының, қалалардың, аудандардың, ауылдық елді мекендердің ішінде жеке көліктің қозғалысын шектеуді;
14) бір отбасы мүшелерін қоспағанда, көшелерде және өзге де қоғамдық орындарда үш адамнан артық топпен жиналуды шектеуді
15) азық-түлікті, бірінші кезекте қажетті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды қоспағанда, тұрғындардың тұрғын үйден шығуын шектеуді;
16) тұрғылықты жері бойынша отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салуды;
17) 70 жастан асқан адамдарға және он сегіз жасқа толмаған адамдарға тұрғын үйден алып жүретін ересек адамсыз шығуына тыйым салуды;
18) карантин режимін сақтамайтын адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тартуды;
19) карантин кезеңінде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінің тізбесі мен жұмыс режимін айқындауды;
20) қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты облыс орталықтарының, қалалардың, аудандардың, ауылдық елді мекендердің аумағында жүріп-тұруға рұқсат етілген адамдардың тізбесін айқындауды;
21) COVID-19-ды жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациенттердің шұғыл көрсетілімдері бойынша емдеуге жатқызуға арналған көп бейінді стационарларды айқындауды;
22) денсаулық сақтау ұйымдарында аймақтарға бөлуді және жұмыс режимін сақтауды;
23) халық, органдар мен ұйымдардың, сауда және қызмет көрсету субъектілерінің қызметкерлері үшін бетперде режимін енгізуді;
24) қызметтері тоқтамаған өндіріс, тасымалдау және қызмет көрсету саласы қызметкерлері санитариялық-дезинфекциялық өңдеуді жүргізу үшін міндетті үзіліс жасай отырып, қолғаптармен қамтамасыз етіледі және жұмыс істейді, санитайзерлер орнатуды;
25) бір – бірінен кемінде 1,0-2,0 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау қамтамасыз етуді;
26) денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық көмек машиналарында, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің үйде медициналық көмек көрсетуі, ошақта эпидемиологиялық тексеру жүргізу, науқастарға және байланыста болған адамдарға сұрақ-жауап және сауалнама жүргізу кезінде аудио, фото және бейне түсірілімдер жүргізуге тыйым салуды қамтамасыз етсін.
2. Аудандардың, қалалардың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері өңірлерде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантиндік шараларды қатаңдатуды және олардың іске асырылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы №2, 2020 жылғы 13 сәуірдегі 2/1 қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы қаулы 2020 жылғы 18 сәуірден бастап күшіне енеді және төтенше жағдай аяқталғанға дейін қолданылады.
Шығыс Қазақстан облысы аумағына карантин режімін енгізу туралы №3 қаулы