
2023 жылғы 19 мамырда сағат 11.00-де Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары К.К.Бичуиновтың төрағалық етуімен онлайн режимінде кеңес өтті.
Кеңесте Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Р.Е.Танабаевтың (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), сондай-ақ тергеу департаменті өкілдерінің, әкімдіктің облыстық басқарма басшыларының қатысуымен Шығыс Қазақстан облысының, қалалар мен аудандардың әкімдері мен олардың орынбасарлары, «ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Риддер қаласы және бұрынғы Көкпекті ауданы әкімдіктер қызметшілерінің жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін мән-жайларды жою туралы үш ұсынысы қарастырылды.
Кеңесте келесі мәселелер қаралды:
Кеңес қорытындысы бойынша Риддер қаласы әкімінің аппаратында және «Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстың жеткіліксіздігі атап өтілді, хаттама жасалып, отырысқа қатысушылардың атына жолданды.
Алдағы уақытта мұндай заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында облыстық басқармалардың, Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының әкімдіктерінің басшылығына сеніп тапсырылған мемлекеттік орғандарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға жауапты тұлғалардың жұмысын жеке және қатаң бақылауға алуды, жалпы құқықтық білім беру шеңберінде мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» заңдарды зерделеу бойынша қосымша сабақтарды ұйымдастыру мен өткізуді тапсырды.