2023 жылғы 19 мамырда онлайн режимінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша семинар өткізді

2023 жылғы 19 мамырда онлайн режимінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша семинар өткізді

2023 жылғы 19 мамырда сағат 11:00-де онлайн режимінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» ҮББ-4 жобалық кеңсесі, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша семинар өткізді.

Семинарға квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өкілдері қатысты. Семинар барысында ҮББ-4 жобалық тобының жетекшісі Елена Карпова сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу әдістемесі бойынша толық түсініктемелер берді. Дәрістер дайындалған слайдтармен сүйемелденді. 

Қатысушылар семинарға белсенді қатысты. Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ өкілі Дарья Романовская сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мерзіміне қатысты сұрақтар қойды. ҮББ-4 жобалар тобының басшысы қатысушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жауап берді.