Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 55 бұйрығымен бекітілген орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелестік ортаға беру қағидаларының 12-тармағына сәйкес функцияларды бәсекелестік ортаға беру үшін орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының қатысуымен Әдістемеге сәйкес нарықтың дайындығына талдау жүргізеді бәсекелестік ортаға беру үшін ұсынылатын орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функциялары бойынша нарықтың дайындығына талдау жүргізу.
Бәсекелестік ортаға беру үшін ұсынылатын жергілікті атқарушы органдардың функциялары:
- ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету;
- құрылысын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын) күтіп-ұстау;
- жануарларды аулау, уақытша ұстау және өлтіру.
Осыған байланысты, жергілікті атқарушы органның бәсекелестік ортаға берілетін функцияларын орындауға ниетті мүдделі тұлғалардан өтінімдерді жинауды күнтізбелік отыз күн ішінде ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы жүзеге асырады.