ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ ҰЙЫМДАРЫНА МЕМЛЕКЕТТІК ТАПСЫРЫС АРТТЫ

ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ ҰЙЫМДАРЫНА МЕМЛЕКЕТТІК ТАПСЫРЫС АРТТЫ

Жаңа оқу-жылында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс көлемі 50 мың орынға артады. Жалпы колледждерге мемлекеттік тапсырыс бойынша 130 мыңнан астам талапкер қабылданады.

 

Мемлекеттік тапсырыс геология, тау-кен өнеркәсібі, энергетика, металлургия және машина жасау, көлік, байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар, құрылыс және коммуналдық шаруашылық бағыттары бойынша ұлғайтылды. Сонымен қатар, кәсіпорындардың өтінімдері бойынша кадрларды мақсатты даярлау енгізілді. Бұл ретте жұмыс беруші үш жақты шартқа сәйкес колледж түлектерін жұмысқа орналастыру міндеттемесін өзіне алады.

Айта кетейік, 2023-2024 жаңа оқу жылында кәсіпорындардың өтінімдері бойынша 10 мың студент қабылдау жоспарлануда.

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/555818?lang=kk