ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ БАЙҚАУ СЫНАҚТАРЫНЫҢ БАЗАСЫН ЖАҢАРТТЫ

ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ БАЙҚАУ СЫНАҚТАРЫНЫҢ БАЗАСЫН ЖАҢАРТТЫ

 Негізгі ҰБТ-ның алдында ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы тегін байқау сынақтарының базасын жаңартты. Тестілеу онлайн форматта орталықтың сайтында жүзеге асырылады.

Байқау сынағы оқуға түсушілерге ҰБТ-ға дайындалуға көмек ретінде әзірленді. Талапкерлерге ҰТО сайтында https://prob-ent.testcenter.kz/ сілтемесі бойынша тегін онлайн тестілеуден өту мүмкіндігі беріледі. Ол үшін тестіленушілерге тек ЖСН теріп, бейіндік пәндердің комбинациясын таңдап, байқау сынағына кірісу қажет.

Естеріңізге сала кетейік, 14-мамырға дейін негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау жүргізілуде. Тестілеудің өзі 16-мамыр мен 5-шілде аралығында өтеді. Талапкерлер ҰБТ-ны 2 рет тапсырып, ең жақсы нәтижемен грант конкурсына қатыса алады.

Талапкерлердің негізгі ҰБТ-ға дайындығын жақсарту мақсатында өткен жылы әр пән бойынша жеке тақырыптық талдау енгізілді. Яғни, әр ҰБТ-дан кейін (қаңтар, наурыз) түлектерге жеке тақырыптар бойынша білімдерін арттыру ұсынылады. Сонымен қатар, негізгі ҰБТ-ның бірінші мүмкіндігін тапсырғаннан кейін олар екінші мүмкіндікке дейін дайындықтарын жақсарта алады.

Осылайша, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі талапкерлерге қолайлы жағдай жасау үшін барлық шараларды қабылдап жатыр.

 

 

Дереккөз : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/552148?lang=kk