2020 жылдың 13 сәуірінде COVID-19 екінші жағдайы Семейде тіркелді

2020 жылдың 13 сәуірінде COVID-19 екінші жағдайы Семейде тіркелді

Соңғы мәліметтер бойынша Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясы екі адамнан анықталды. Қазіргі уақытта жалпы алғанда, өңірде 8 науқаста расталып, оның ішінде бір адам көз жұмды.

Бүгінгі екінші жағдай Семей қаласының 1980 жылғы тұрғынында анықталды. Ол 12 сәуірде ЖРВИ белгілерімен және жағдайының нашарлауы себепті жедел жәрдем шақырып, артынша провизорлық стационарға жатқызылды. COVID-19-ға талдама алынып, оң нәтиже көрсетті. Қазіргі уақытта науқас инфекциялық стационарға ауыстырылды. Жағдайы орташа дәрежедегі ауырлықта. Байланыста болған 48 адам анықталды. Жақындары карантиндік стационарға, ал болжамды байланыста болғандар үй карантиніне оқшауланды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, өкінішке орай бүгін Өскемен қаласында 1979 жылы туған әйел коронавирус инфекциясынан көз жұмды. Ол 12 сәуірде жедел жәрдем қызметімен ауыр жағдайда екі жақты пневмониямен провизорлық стационарға жеткізілген.
CОVID-19 талдаулары оң нәтиже көрсеткеннен кейін инфекциялық стационардың қарқынды терапия палатасына ауыстырылды. Пациентте СОVID-19-дан басқа екі жақты ошақты пневмония, сол жақты плеврит, 3 дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігі, токсинді миокардит, жіті респираторлық дисстресс-синдромы және ауыр алкогольдік улануы тіркелген.
Науқастың өмірін сақтау үшін реаниматолог дәрігерлер өкпені жасанды желдету аппаратына қосып, барлық реанимациялық іс-шараларды жүргізді. Түнде екі мәрте жүрек қызметі тоқтап, екі рет реанимациялық шара сәтті нәтиже көрсеткен болатын.
⠀
Науқастың жақындары мен туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.
Онымен байланыста болған 13 адам тіркелді. Олардың барлығы оқшауланды. Қазіргі таңда эпидемиологиялық тексеру шаралары күшейтілген.
Осы уақытқа облыс бойынша 5 жағдай Семейде, 3 жағдай Өскемен қаласында.