Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясынан бір азамат көз жұмды

Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясынан бір азамат көз жұмды

Өкінішке орай бұл жағдай Өскемен қаласында тіркелді. 1979 жылы туған әйел 12 сәуірде жедел жәрдем қызметімен ауыр жағдайда екі жақты пневмониямен провизорлық стационарға жеткізілген.
CОVID-19 талдаулары оң нәтиже көрсеткеннен кейін инфекциялық стационардың қарқынды терапия палатасына ауыстырылды. Пациентте СОVID-19-дан басқа екі жақты ошақты пневмония, сол жақты плеврит, 3 дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігі, токсинді миокардит, жіті респираторлық дисстресс-синдромы және ауыр алкогольдік улануы тіркелген.
Науқастың өмірін сақтау үшін реаниматолог дәрігерлер өкпені жасанды желдету аппаратына қосып, барлық реанимациялық іс-шараларды жүргізді. Түнде екі мәрте жүрек қызметі тоқтап, екі рет реанимациялық шара сәтті нәтиже көрсеткен болатын. Алайда, жүрек қызметі қайтадан үшінші рет тоқтаған кезде, реанимация шаралары сәтсіз болды. Науқас өкінішке орай көз жұмды.
⠀
Науқастың жақындары мен туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.
Онымен байланыста болған 13 адам тіркелді. Олардың барлығы оқшауланды. Қазіргі таңда эпидемиологиялық тексеру шаралары күшейтілген.
Осы уақытқа облыс бойынша 4 жағдай Семейде, 3 жағдай Өскемен қаласында тіркелді.