ШҚО құтқарушылары "Түрлі халықтардың сәлемдесуі челленджін өткізді

ШҚО құтқарушылары "Түрлі халықтардың сәлемдесуі челленджін өткізді

Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні ШҚО ТЖД қызметкерлері "Сәлемдесу" арнайы челленджін өткізді. Облыстың аудандық және қалалық бөлімшелерінде өрт сөндірушілер мен құтқарушылар әртүрлі халықтардың ұлттық костюмдерін киіп, бір-бірін түрлі тілдерде және ишара көрсетіп  қарсы алды.

"Челлендждің басты міндеті - ТЖ қызметінде жұмыс істейтіндердің алуан түрлілігі мен көпұлттылығын, сонымен бірге өңір халықтарының бірлігін көрсету. ШҚО ТЖД азаматтардың қауіпсіздігі үшін 8 ұлттың өкілдері жұмыс істейді: қазақ, орыс, украин, неміс, татар, ұйғыр, әзірбайжан, балғар. Бұл халықтардың әрқайсысы өзінше ерекше, бірақ олар бірге бір тату отбасы.

Шығыс Қазақстан гарнизоны қызметкерлерінің барлық жетістіктері - бұл, ең алдымен, ұжымның бірлігі мен достығы, азаматтардың ұлттық және діни қатыстылығына қарамастан тағдыры үшін ортақ жауапкершілік. Жыл басынан бері Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері түрлі төтенше жағдайлар мен оқиғаларға 800 - ден астам сапар жасады, бұл ретте 64 адам құтқарылды, 106 азамат эвакуацияланды", - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі