
«Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу» мемлекеттік қызметі eGov.kz электрондық үкімет порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасында қолжетімді. Қызмет қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу үшін өтінім беруді көздейді.
Өңірлік квота қандастарды Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарын қоныстандыру үшін ҚР Үкіметі айқындаған өңірлерге бөлінеді.
Бұл ретте өңірлік квотаға енгізілген қандастарға көшуге субсидиялар (отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК-тен біржолға төлем) және 12 ай ішінде жалдау және коммуналдық қызметтерді төлеу шығындарын жабуға (бір отбасына 15-тен 30 АЕК-ке дейінгі мөлшерде) мемлекеттік қолдау шаралары қолжетімді.
Сонымен қатар, қандас мәртебесін алған этникалық қазақ мына қызметтерге қол жеткізе алады:
Бұдан басқа, 2023 жылғы наурыздан бастап тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін біржолғы өтеусіз және қайтарымсыз негізде тұрғын үй құнының 50%-ы немесе бір отбасына 4 млн теңгеге дейін мөлшерінде экономикалық ұтқырлық сертификаты енгізілді.
Қызмет іске қосымған сәттен бастап 272 адам eGov.kz порталы арқылы өңірлік квота алуға өтініш берген.
Жаңа қызметті eGov.kz порталында «Азаматтарға» - «Азаматтық, миграция және иммиграция» бөлімінен табуға болады. Дәл осы қызмет eGov Mobile мобильді қосымшасындағы «Қызметтер» - «Жеңілдіктер, жәрдемақылар және зейнетақылар» бөлімінде де қолжетімді.
Өтінім беру үшін пайдаланушыға:
Қызмет нәтижесі қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім немесе бас тарту туралы жауап түрінде Жеке кабинетте 14 жұмыс күні ішінде пайда болады.
Толық бейне нұсқаулыққа сілтеме:
https://www.youtube.com/watch?v=dtemqb-s50c
Жаңа қызмет «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмысы арқасында жүзеге асты.