
2023 жылғы 11 сәуірде Самар ауданының әкімдігінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» ҮББ-4 жобалық кеңсесі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссар – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ШҚО бойынша Департаментінің өкілімен бірлесіп, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша семинар-кеңес өткізді.
Семинар-кеңеске сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысқа жетекшілік ететін аудан әкімі аппараты басшысының м.а., ауылдық округтердің әкімдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызмет ережемен бекітілген дербес бөлімдердің басшылары, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге жауапты ведомстволық бағынысты ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері қатысты.
Семинар-кеңес барысында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ШҚО бойынша департаментінің Превенция басқармасының орынбасары Арыстан Асқар 2023 жылға арналған жобалар картасымен таныстырып, әрбір жобаға түсініктеме берді. ҮББ-4 жобалар тобының жетекшісі Елена Карпова сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу әдістемесі бойынша толық түсініктемелер берді. Дәрістер дайындалған слайдтармен сүйемелденді.
Қатысушылар семинарға белсенді қатысты. «Аққала ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі алдағы жылға арналған бюджеттік өтінімді жүзеге асыру кезінде жоспарлаудың жеткіліксіздігі, мемлекеттік сатып алу туралы Заңның жетілмегендігі туралы мәселелерді көтерді, бұл аумақты қардан тазарту және қызмет көрсету жөніндегі ұйымға кедергі келтіретіндігі айтылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссар және ҮББ-4 жобалар тобының басшысы қатысушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жауап берді.