
2023 жылғы 18 сәуірде Алтай ауданының әкімдігінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» ҮББ-4 жобалық кеңсесі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссар – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ШҚО бойынша Департаментінің өкілімен бірлесіп, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша семинар-кеңес өткізді.
Семинар-кеңеске сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысқа жетекшілік ететін аудан әкімі аппаратының басшысы С. М. Елеусизова, ауылдық округтердің әкімдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызмет ережемен бекітілген дербес бөлімдердің басшылары, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге жауапты ведомстволық бағынысты ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері қатысты.
Семинар-кеңес барысында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ШҚО бойынша департаментінің Превенция басқармасының орынбасары Арыстан Асқар 2023 жылға арналған жобалар картасымен таныстырып, әрбір жобаға түсініктеме берді. ҮББ-4 жобалар тобының жетекшісі Елена Карпова сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу әдістемесі бойынша толық түсініктемелер берді. Дәрістер дайындалған слайдтармен сүйемелденді
Семинарда қатысушылар жер қатынастары саласындағы, оның ішінде сот талқылауына себеп болған жағдайларға қатысты мәселелерді көтерді.