Құрметті жерлестер!

Құрметті жерлестер!

Сіздерге демалыс күндері қала көшелерінде жеке көлік қозғалысын толық шектеу бағытында жүргізілген алғашқы жұмыс барысында түсіністікпен қарап, қатаң тәртіп сақтағандарыңыз үшін алғыс білдіремін.
⠀
Иә, шектеу кезінде жеке дара қаралатын сұрақтар да бар. Мәселен, перзентханадан, ауруханадан шығару сияқты адам денсаулығына қатысты. Сондай-ақ, туған адамның өмірден озуына байланысты қиын өмірлік жағдайлар болады. Мұндай мәселеде полиция қызметкерлері сөзсіз көмек көрсетеді.
⠀
Біз бүгін Өскемен мен Семей тұрғындарының саналы түрде өзін-өзі оқшаулауға көшкенін көрдік.
⠀
Қазіргі уақытта қалаларда азық-түлік, дәрі-дәрмек және гигиена құралдарын жеткізу қызметтері, мемлекеттік қызметтер мен банк операцияларының онлайн сервистері жұмыс істейді.
⠀
Азық-түлік тауарларының дүкендері, дәріханалар мен қалалардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін мекемелер үздіксіз жұмыс істеп тұр.
⠀
Біз жұмысты жалғастырамыз. Өскемен және Семей қалаларында демалыс және мереке күндері жеке көліктердің жүруіне тыйым салынғанын еске саламын. Жұмыс күндері тек рұқсаттама бойынша. Түнгі уақытта сағат 21.00-ден таңғы 5.00-ге дейін қозғалыс толық шектеледі.