Құрметті облыс тұрғындары!

Құрметті облыс тұрғындары!

2020 жылдың 2 сәуірінде сағат 00.00-де біз Өскемен және Семей қалаларындағы барлық 15 бақылау-өткізу пунктерін іске қостық. Осылайша, бүгінгі күннен бастап қалаға шығу және кіру шектеледі. Екі шаһар 402 шаршыға бөлінді. Олардың бәрі полицияның учаскелік пункттеріне байланыстырылған. Сондай-ақ, 49 мобильді бекет жұмыс істейді.
Біздің аймақтың ең ірі қалаларында 700 мыңға жуық адам тұрады. Облыс халқының жартысынан көбі. Сондықтан бұл амалсыз, бірақ осы күннің қажетті шарасы. Түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын!⠀
Құрметті жерлестер, көп нәрсе біздің өзімізге, әсіресе, тәртібімізге байланысты. Тек оқшаулау арқылы ғана біз пандемияны жеңе аламыз.
Естеріңізге сала кетейін, барлық түрдегі рұқсаттамалар 6 сәуірге дейін беріледі.
Бәріңізге жетеді, бәріңіз уақытында аласыздар!