«2023 жылға арналған жобалар картасы» презентациясы

«2023 жылға арналған жобалар картасы» презентациясы

2023 жылғы 06 сәуірде Риддер қаласының әкімдігінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» ҮББ-4 жобалық кеңсесі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссар – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ШҚО бойынша Департаментінің өкілімен бірлесіп, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңеске қала әкімі аппаратының басшысы А.Е. Ерсайынов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысқа жетекшілік ететін, Ережеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызмет бекітілген дербес бөлімдердің басшылары, ведомстволық бағынысты ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге жауапты қызметкерлері қатысты.

Семинар-кеңес барысында 2023 жылға арналған жобалар картасы таныстырылды. ҮББ-4 жобалар тобының жетекшісі Е. В. Карпова әр жобаға жеке тоқталып, түсініктеме берді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәсілін түсіндірді.

Сондай-ақ, арнайы дайындалған слайд көрсетіліп, қатысушыларға әдістемелік көмек көрсетілді.

Қатысушылар семинарға белсенді қатысты. Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы С. К. Маралбаева және Риддер қаласының ҮББ-4 менеджері В. Е. Белебезьев тарапынан сұрақтар қойылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссар және ҮББ-4 жобалар тобының жетекшісі тарапынан сұрақтар қойылып, қатысушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жауап берді.