«2023 жылға арналған жобалар картасы» презентациясы

«2023 жылға арналған жобалар картасы» презентациясы

2023 жылғы 05 сәуірде Шемонаиха ауданының әкімдігінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» ҮББ-4 жобалық кеңсесі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссар – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ШҚО бойынша Департаментінің өкілімен бірлесіп, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңеске аудан әкімі аппаратының басшысы Л.Е. Марченко қатысты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысқа жетекшілік ететін, ауылдық округтердің әкімдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызмет ережемен бекітілген дербес бөлімдердің басшылары, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге жауапты ведомстволық бағынысты ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері қатысты.

Семинар-кеңес барысында 2023 жылға арналған жобалар картасы таныстырылды. ҮББ-4 жобалар тобының жетекшісі Е. В. Карпова әр жобаға жеке тоқталып, түсініктеме берді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәсілін түсіндірді. Қатысушылар белсенді қатысып, өз сұрақтарын қойды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссардан толық жауаптар алды.

Сондай-ақ, арнайы дайындалған слайд көрсетіліп, қатысушыларға әдістемелік көмек көрсетілді.