«2023 жылға арналған жобалар картасы» презентациясы

«2023 жылға арналған жобалар картасы» презентациясы

2023 жылғы 03 сәуірде Өскемен қаласының әкімдігінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» ҮББ-4 жобалық кеңсесі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссар – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ШҚО бойынша Департаментінің өкілімен бірлесіп, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңеске сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысқа жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасары И. Ф. Смит, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызмет ережемен бекітілген дербес бөлімдердің басшылары, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге жауапты ведомстволық бағынысты ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері қатысты.

Семинар-кеңес барысында 2023 жылға арналған жобалар картасы таныстырылды. ҮББ-4 жобалар тобының жетекшісі Е. В. Карпова әр жобаға жеке тоқталып, түсініктеме берді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәсілін түсіндірді.

Сондай-ақ, арнайы дайындалған слайд көрсетіліп, қатысушыларға әдістемелік көмек көрсетілді.

Қатысушылар семинарға белсенді қатысты. Өскемен қаласы әкімдігінің ТКШ, ЖК және АЖ бөлімінің «Өскемен жылу желілері» АҚ қызметкерлері тарапынан сұрақтар қойылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссар қатысушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға толыққанды жауап берді.