
Ағымдағы жылғы 11-12 мамырында Астана қаласында Қазақстан машина жасаушыларының XI Форумы өтетінін хабарлайды.
Іс-шараны Министрлік пен Қазақстан машина жасаушылар Одағы ұйымдастырады.
Форум өзін машина жасау саласындағы кәсіпорындардың алдында тұрған мәселелер мен сын-қатерлердің кең ауқымын шешетін пікірталас алаңы ретінде көрсетті.
Форумда Мемлекет басшысы мен үкімет қолдаған Қазақстан Республикасының машина жасау саласын дамытудың Кешенді жоспары шеңберінде машина жасау саласын одан әрі дамытуды талқылау жоспарлануда.
Форум шеңберінде Президент әкімшілігі басшыларының, Үкімет мүшелерінің, квазимемлекеттік сектор басшылары мен өкілдерінің, өнімнің ірі тұтынушыларының, инжинирингтік және сервистік компаниялардың, шетелдік делегациялардың, оқу ұйымдарының және т. б. қатысуы көзделеді.
Қазақстан машина жасаушылар одағының сайты https://smkz.kz/kk/