
Осы хабарламамен көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысандарына көшу жөніндегі реформаны іске асыру шеңберінде қазіргі уақытта «Управдом» қосымшасында ақпараттандыру объектілері арқылы мүлік иелерінің бірлестігін (бұдан әрі - МИБ) онлайн дауыс беру және тіркеу мүмкіндігі пайда болғанын Сіздердің назарларыңызға жеткіземіз.
Рәсімдер композиттік қызметке біріктірілген, онда пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың иелері электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен МИБ құруға дауыс бере алады және бірден әділет органдарына МИБ тіркеуге өтінім бере алады.
2019 жылғы 26 желтоқсандағы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес 2023 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысандарына көшуді қамтамасыз ету қажет.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде онлайн дауыс беру және меншік иелері бірлестігін «Управдом» қосымшасында тіркеу арқылы көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысандарына көшуді ұсынамыз.
Көппәтерлі тұрғын үйлерді (МИБ/ЖС) басқарудың жаңа нысандарына көшу мәселелері бойынша негізгі материалдарды «Тұрғын үй коммуналдық- шаруашылығың жаңғырту және дамытудың Қазақстандық орталығы» АҚ ресми сайтынан көре аласыздар https://zhkh.kz/, сондай-ақ барлық туындаған мәселелер бойынша облыстың қалалары мен аудандары әкімдіктерінің тұрғын үй қатынастары, тұрғын үй инспекциясы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдеріне жүгіне аласыздар.