Шығыс Қазақстан облысында COVID-19 дертінің тағы бір жағдайы тіркелді.

Шығыс Қазақстан облысында COVID-19 дертінің тағы бір жағдайы тіркелді.

Қазіргі таңда облыс бойынша 3 коронавирус инфекциясы расталған. Семей қаласында - 2, Өскеменде - 1.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, 1 сәуірде 1938 жылы туған Өскемен қаласының тұрғыны өз бетімен емханаға денсаулығының нашарлауына шағымданып барған. Жасалған рентген нәтижесінен кейін, пневмония диагнозы қойылды. Одан кейін науқасты жедел жәрдем бригадасы стационарға жеткізді.

Пневмониясы бар пациенттерді диагностикалау алгоритміне сәйкес, азаматша стационарда COVID-19 инфекциясына тексерілді. Талдау нәтижесі оң болып шықты.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында науқас РФ-нда болған. Қазіргі уақытта жағдайы тұрақты, ауырлығы орташа деңгейде.

Пациентпен байланыста болған барлық адамдар анықталды.

Қазіргі уақытта 198 тұлға тіркеуге алынып, тиісті шаралар басталып кетті. Жақындары дәрігерлердің бақылауында. Карантиндік стационарға орналастырылды. Олардың талдауларының нәтижелері теріс.

Сондай-ақ, стационарда жақын байланыста науқастардан талдаулар алынды. Онымен бір палатада бірге жатқан 4 пациенттің 3-уінде теріс нәтиже шықты, бір анализ жұмыста.

Емделуші ем алған стационар карантинде.

Сол кісімен қарым-қатынаста болған барлық тұлғалар үй карантиніне алынды. Олар болған барлық орындарда дезинфекция шаралары жүргізіліп жатыр.

Жағдай жауапты органдардың бақылауында.

Жаңа деректер пайда болған жағдайда қосымша берілетін болады. Тек ресми ақпаратқа сенім артуды сұраймыз!