«2023 жылға арналған жобалар картасы» презентациясы

«2023 жылға арналған жобалар картасы» презентациясы

2023 жылғы 3 наурызда Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ғимаратында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» ҮББ-4 жобалық кеңсесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссар – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ШҚО бойынша Департаментінің өкілімен бірлесіп, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді оқыту бойынша семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңеске облыс әкімдігінің басқармалары басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысқа жетекшілік ететін орынбасарлары, басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызмет ережемен бекітілген бөлім басшылары және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге жауапты мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Семинар-кеңес барысында 2023 жылға арналған жобалар картасы таныстырылды. ҮББ-4 жобалар тобының жетекшісі Е.В. Карпова әр жобаға жеке тоқталып, түсініктеме берді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәсілін түсіндірді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссар қатысушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жауап берді.

Сондай-ақ, арнайы дайындалған слайд қойылып, қатысушыларға әдістемелік көмек көрсетілді.