2023 жылы үлгілік базалық бағыт №4 іске асыру

2023 жылы үлгілік базалық бағыт №4 іске асыру

23 ақпан 2023 жылы Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің генерал-майоры Д.М. Малаховтың төрағалығымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» ҮББ-4 (үлгілік базалық бағыт) іске асыру нәтижелері бойынша кеңейтілген кеңес өткізілді.

Кеңеске ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ШҚО бойынша департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Т.М. Башев, базалық бағыттың басшысы, ШҚО әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы К.К. Бичуинов, ШҚО жобалық кеңсесінің басшысы Ш.М. Жұмадилова, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссар, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ШҚО бойынша департаменті превенция басқармасы басшысының орынбасары Асқар А., ШҚО әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бас маманы Е.В. Карпова, ҮББ-4 жобалар тобының бас менеджері Э.Д. Нурсеитова, ҮББ-4 жобалар тобының әкімшісі Ж.А. Қабдоллинов сондай-ақ, ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің Өзіндік қауіпсіздік тобының өкілдері-азаматтық қорғау подполковнигі   А.А. Енсегенов және азаматтық қорғау подполковнигі О.С. Кулакова. қатысты, олардың ведомствосында ТБН-4 бойынша жұмыс 2023 жылы енгізілетін болады.

Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды:

1) 2022 жылғы 12 айдағы «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыт № 4 іске асыру қорытындылары. ҚР Агенттігінің превенция қызметінің басшысы С.К. Ахметжанов баяндама жасады.

2) 2023 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыт №4 іске асыру» жобалар картасының тұсаукесері. ҚР Агенттігі превенция қызметі басшысының орынбасары   Ж.Е. Байділдин баяндама жасады.

Кеңес соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы бейнеролик көрсетілді. 2023 жылға арналған жоспар бекітіліп, алдағы жұмыстарға мақсат қойылды.