
Шығыс Қазақстан облысында бір аптаға жуық жалғасып жатқан қар түріндегі мол жауын-шашын көшкін қаупіне алып келді. "Қазселденқорғау" ШҚ филиалының мамандары жүргізілген мониторинг барысында "Өскемен-Самар" автожолында (95-102 км) кезекті түсуді өткізу туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде жиналған қар массасын түсіру үшін 5 профилактикалық жарылыс қажет болды. 74 500 текше метр қар түсті.
Облыста көшкін қаупі бар жағдай жалғасуда. Облыстың қызмет көрсетілетін аудандары бойынша 20 қар-көшкін маршруттары әзірленді, онда көшкін алаптарында "Қазселденқорғау" ШҚ филиалының бақылаушылары қызмет көрсететін 160 қар өлшегіш рельстер орнатылды.
ШҚО ТЖД және "Қазселденқорғау" ШҚ филиалы ұсынады:
Дауылды ескерту кезеңінде тауға барудан аулақ болыңыз.
Көптеген қар көшкіні қаупі бар ошақтар автомобиль жолдарына қауіп төндіреді - тоқтамаңыз, бірақ қауіпті аймақтан тез кетіңіз. Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз және сізге құтқарушылардың көмегі қажет болса - ұялы телефоннан барлық шұғыл қызметтерді шақырудың бірыңғай нөмірі - "112".
Ауа-райы туралы "Дармен"мобильді қосымшасын жүктеу арқылы білуге болады
Ш)О ТЖД баспасөз қызметі