Медициналық мекемедегі өртті сөндіру бойынша өрт сөндірушілердің жаттығулары өтті

Медициналық мекемедегі өртті сөндіру бойынша өрт сөндірушілердің жаттығулары өтті

Өскеменде электр сымдарының қысқа тұйықталуы нәтижесінде "Шығыс Қазақстан облыстық медициналық бірлестігінің" ғимаратында өрт шықты. Дәл осындай оқу-жаттығу сценарийін ШҚО ТЖД қызметкерлері пысықтады. ТЖ қызметі бөлімшелері келген кезде тұрмыстық жертөле үй-жайында жиһаз, электр тұрмыстық аспаптар, линолеум жанып жатты. Түтін жоғарғы қабаттарға тез тарады. Барлау барысында өрт сөндірушілер шешуші бағытты анықтады. Бірінші кезекте адамдарды эвакуациялауға және бір мезгілде өртті сөндіруге кірісті. Эвакуация адамдарды қою түтін басқан  аймақтан құтқару үшін қолданылатын арнайы ауа маскаларын қолдану арқылы жүзеге асырылды. Азаматтар өрт сөндірушілердің жетектеуімен шығарылды, ал қозғалысы баяу науқастар зембілдің көмегімен түсірілді. Мейірбике қызметкерлерін жоғарғы қабаттардан эвакуациялау автосаты  көмегімен жүргізілді. Шартты өрт болған жерде отты сөндіру және азаматтарды құтқару жөніндегі жедел шаралар үшін аурухана әкімшілігімен өзара іс-қимыл жасау үшін жедел штаб құрылды. Жауынгерлердің үйлесімді әрекеттері мен өрт-техникалық қару-жарақты қолдану шартты отпен күресуге мүмкіндік берді.

"Өрт-тактикалық оқу-жаттығу барысында барлық қажетті нормативтер мен нұсқаулықтар пысықталды, өрт сөндірушілердің дағдыларын жетілдіру және өрт туындаған жағдайда медициналық мекеме қызметкерлерімен іс-қимылдардың үйлесімділігін пысықтау. Автоматты өрт дабылының жай - күйін, адамдарды хабардар ету жүйесін, бастапқы өрт сөндіру құралдарының қажетті санының болуын, объектінің эвакуациялық жолдары мен шығуларының жай-күйін тексеруге ерекше назар аударылды", - деп атап өтті "ШҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" бастығының орынбасары Айдос Нүсіпбаев.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі