ШҚО құрамасы керлингтен ел чемпионы атанды

ШҚО құрамасы керлингтен ел чемпионы атанды

Жуырда Алматы қаласында керлингтен Қазақстан Республикасының Чемпионаты өз мәресіне жетті. Екі аптаға жуық уақыт өткен ел біріншілігінде ШҚО құрамасы жеңіске жетіп, үш дүркін ҚР Чемпионы атанды.

Елдің түкпір-түкпіренен бірнеше команда қатысқан чемпионатта ШҚО спортшылары да қалыс қалмады. Жарыс қорытындысы бойынша шығысқазақстандық спортшылар аралас құрамалар арасында жеңіске жетті.

Айта кетсек бұл облыс командасының бірінші жеңісі емес. 2018 жылы команда дәл осы санатта жеңімпаз атанса, 2019 жылы жалпы есепте чемпион атанған. Осылайша биылғы жеңістің арқасында құрама үш дүркін жеңімпаз атанды.

Керлинг спортының Шығыс Қазақстанға келгеніне көп болмады. 2015 жылы федерациясы құрылып, 2019 жылы облыстық қысқы спорт мектебінің жанынан бөлім ашылған. Ал ағымдағы жыл басында аймақта І облыстық турнир өткен.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы Баспасөз қызметі