Даниал Ахметов жаңа орынбасарын тағайындады

Даниал Ахметов жаңа орынбасарын тағайындады

Жаңа орынбасарын Даниал Ахметов жиналыс барысында таныстырды. Оның тәжірибелі басқарушы екенін және ауыл шаруашылығы саласына жетекшілік ететінін атап өтті.

Шәкәрім Бұқтығұтов 1961 жылы 8 наурызда Көкшетау қаласында дүниеге келген. 1985 жылы Өскемен құрылыс-жол институтын "инженер-механик", сондай-ақ Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін "экономист" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын слесарь, кейін "Өскемен жабдықтау" басқармасының бас механигі болып бастаған. Жабдықтау, сату және көтерме сауда жүйесінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

Бес жыл бойы "Востокпром" өндірістік кәсіпорнын, Шығыс Қазақстан сусын өндіру жөніндегі өндіріс бірлестігін, сондай-ақ, "Әділ" АҚ басқарды.

1997 жылдан 2002 жылға дейін Өскемен қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2006 жылға дейін Риддер қаласының әкімі болды. Кейін облыстың монополияға қарсы басқармасын басқарды. 2007 жылы Өскемен қаласының әкімі, 2009 жылдың 23 шілдесінде Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы болып тағайындалды. 2011 жылдың 27 тамызынан бастап "Ертіс "ӘКК" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі. 2015 жылдан 2020 жылға дейін "ШҚО өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды.