
Сіздерді көктемнің ең шуақты мерекесі – Халықаралық Әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бар жақсылығымыз үшін біз әйелге міндеттіміз. Себебі, ол өмір сыйлайтын, мейірім төгіп, қамқор болатын, бұл дүниенің мәні мен маңызын адамзатқа баласына жеткізетін Ана!
Сіздер бізді жасампаздыққа шабыттандырып, әр күнімізді бағалауға үйретіп, оны тыныш әрі бақытты етесіздер. Ең бастысы Сіздер берік іргелі, тату отбасының негізісіздер.
Бүгін нәзік жанды, асыл арулар барлық салада еңбек етіп, еліміздің дамуына үлкен үлес қосып келеді. Әйелдерге тән мейірімділік пен сезімталдық, кәсіби шеберлік пен жоғары жауапкершілік Сіздерге өндірісте немесе әлеуметтік маңызды салаларда, еліміздің басқару жүйесі мен кәсіпкерлік бағытта болсын үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.
Сіздерге мол бақыт, зор денсаулық, отбасыларыңызға береке-бірлік, амандық, көтеріңкі көңіл-күй тілеймін!
Даниал АХМЕТОВ, Шығыс Қазақстан облысының әкімі